Бүгінгі Күн – Кімдікі?!

4232
Adyrna.kz Telegram

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының орындаушылар құрамының артисі Нұрболат Исаев 4 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше) өтетін «Алатау студиясында» халықаралық онлайн кездесуінің қонағы болды.

Сұхбаттың модераторы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің басшысы, PhD докторы Қуаныш Жұмабекұлы Нұрболат Исаевқа төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Өзіңіз білесіз, Қазақ өнерінің «алтын ғасыры» саналатын XIX ғасырда шырқау шыңына жеткен, халқымыздың қателеспес талғамы қалыптастырған ғажайып дәстүрі – әншілік өнер мектептерінің бірі – батыс ән мектебі Мұхит сал есімімен байланысты.
Мұхит батыс өңіріндегі ауызша-кәсіби әншілік мектептің негізін қалаушы дарабоз өнер иесі.

«Айнамкөз», «Үлкен Айдай», «Кiшi Айдай», «Зәуреш», «Паңкөйлек», «Дүние», «Ақ Иiс»-тері – музыка мәдениеті тарихының классикалық үлгілерінің баға жетпес қазынасы.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының Көркемдік жетекшісі Жұлдызбек Жұманбай сахналайтын дәстүрлі музыкалық драмалық туындыда қоғамның ащы шындығы мен оның бейнесі көрініс табады. Сонымен қатар Мұхит өмір сүрген XIX-XX ғасырларды көз алдыңа айна қатесіз әкеледі.

Мұхиттың рөлін сомдауды сізге ұсынғанда қандай әсерде болдыңыз?

2) Мұхит әндерінің орындаушылық дәстүрін дамытып, оны насихаттаушылар, мысалы, Құрманғалиев, Ибрагимова, Әбіловалар ғой. Мұхиттың шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды.

Жалпы, Мұхит мектебі орындаушыдан үлкен шеберлікті, дауыс күшінің зор әрі диапазонының кеңдігін, төкпе күйлерде кездесетін қағыстары бар домбыра сүйемелін талап етеді.

Осы орайда ұстаздарыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

3) Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп Құтпанұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қапез Байғабылұлы, Сұлубай, Аманғалилардың саяси қуғын-сүргінге ұшырағанын білеміз. Ал Мұхиттың өмірі басқаша өрілді.

«Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар», – дейді ғой Ғабит Мүсірепов. Мұхит әндерінің басты ерекшелігі – елдің мұңын жырлағанында.

Мысалы, Мұхит «Паң-көйлегінде»

Кім білер, кімдер болар мейірім қанар,
Рухым сөнген менің қайта жанар.
Еңіреп Мұхит бабам өтіпті-ау деп,
Кейінгі ұрпақтарым есіне алар..., – дейді.

Мұхиттың әндері жайлы бір ауыз сөз.

4)
Мұхиттың мынадай сөзі бар ғой:

Бүгінгі Күн – Кімдікі?!
«Пара-Құдай» – «Пұлдікі»!
Сыбайласқан – О Бастан,
«Ымы-Жымы» – Бірдікі!
Арамза ауыз-жаласқан,
Ар-Иманнан – «Құрдікі»! деп басталып,
Ой, Оңбай тұр! Оңбай тұр:
«Мазақтікі» – болып тұр,
Қазақтікі – болмай тұр... деп бітеді ғой.

Енді,
Ерінбеген − етікші, Ұялмаған − әнші, бүгінде. Шетінен! Сондай-ақ ананы сатам, мынаны сатам, «Қоғамы, түбіне жеткен де!», – дейтін жерлері бар ғой. Соқыр молданың Йасинді өтірік оқуы, «Дінімізге, ділімізге, тілімізге абай болайық» деген сөздердің айтылуы қазіргі қоғамда да өршіп тұр ғой. Бұлар аса қауіпті құбылыстар.

Алып қосарыңыз.

5) "Алатау" дәстүрлі өнер театрының репертуарлық бағыты, басқа театрларға ұқсамайтын ұстанымы, қойылымдардың өзіндік формалары бойынша өз көзқарасыңызды білдірсеңіз. Осымен қорытындыласақ.

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар!

Пікірлер