Мектептер дәстүрлі форматта оқиды

2673
Adyrna.kz Telegram

Жаңа оқу жылында Шымкенттегі мектептер дәстүрлі форматта оқиды. Дегенмен, негізгі пәндерге басымдық беріліп, қосымша дәрістер қысқартылатын болды. Бұл туралы қалалық білім басқарасының басшысы Жанат Тәжиева дәстүрлі тамыз кеңесінде мәлімдеді. Егер де білім ошағынан қауіпті вирусты жұқтырған жан анықталса, онда ол мектептің мұғалімдері жүйелі жұмыс жасамаған деп есептеймін, деп кесіп айтты. Алдағы оқу жылында тағы да қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Жаңа оқу жылындағы алқашқы қоңырау кешіне, тек 1 сынып оқушылары қатысатын болды. Ал, қалған шәкіттер тікелей сыныптарына барып, дәрістерін бастайды. Биыл мектеп табалдырығын алғаш рет 25 мыңға жуық бүлдіршін аттағалы отыр екен. Олар Ахмет Байтұрсыновтың нұсқасымен дайындалған әліппе оқулығын қолдарына алады. Осы орайда, мектеп формасы талап етілмейтін болып шешіліпті.

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Екі жылдан бері мәртебелері бекітілген заң аясында жұмыс жасап келе жатқан педагогтардың жалақылары екі есеге өскен. Білімдерін жетілдіруден ешқашан жалықпаған ұстаздар қауымы заман талабына сай техниканы меңгеріп, онлайн форматтыда еңсерді. Қашықтықтан оқуға алғашында дайын болмағандарын жасармаған білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, әріптестеріне алдағы міндеттерін шегелеп берді.

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Өткен оқу жылын төмен көрсеткішпен аяқтаған білім саласында, педагогтардан тек білім сапасын арттыру ғана күтілетінін қала басшысы қадап айтты. Сондай-ақ, оқушыларымыз білім олимпиадалары мен ұлттық тестілеу көрсеткіштерінен оқ бойы озық тұруы керек деген талабында жеткізді. «Бүгін мектебіне үлес қосқан бала, ертең еліне үлес қосатын болады», - деп сенімін білдірді.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Жаңартылған білім жүйесіне көшкен шымкенттік колледждер биылдан бастап, еңбек нарығына қажетті техникалық мамандар даярлауды бастады. Бұл бағытта сала жетекшілеріне тапсырма берген қала әкімі құрылысшы мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды тапсырған-ды.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Тілек Исахметов – Индустриалды-техникалық колледжінің директоры

Еліміздегі үшінші мегаполисте үш аусымды мектептердің мәселесі бүгінгі жиында да талқыланды. Бұйыртса, бірер жылда бұл проблемадан құтыламыз деген қала басшысы биылдың өзінде 32 мектептің құрылысы басталып, 20 мектеп жыл соңына дейін іске қосылатынын жеткізді. 16 мектептің құрылысына жеке инвесторлар тартылыпты. Алдағы 5 жылда қалада 72 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып, үш ауысымды мектептер мәселесі мен мектебі жоқ шағынаудандар мен тұрғын алаптарда жаңа мектептер салынатын болады. Онлайн өткен кеңеске шақыртылған үздік ұстаздарға жиын соңында Алғыс хаттар табысталды. 1,5 жыл бойы бірін—бірі сағынысып қалған мұғалімдер осылайша мәре-сәре болысты.

Сәуле Қалыбекова - №80 мектеп лицейінің директоры

Айта кетейік, биылғы оқу жылынан бастап қаладағы білім ошақтарына адам түрін оқитын турникеттер қойылып жатыр. Сондай-ақ,  бала қауіпсіздігі үшін «Ашық» жобасыда енгізілді. Егер де білім ошағынан вирусты жұқтырған науқас анықталса, онда ол мектептің мұғалімдері жүйелі жұмыс жасамаған деп есептеймін, деп Жанат Тәжиева кесіп айтты. Сондай-ақ, қаланың бас ұстазы алтын белгіге қатысты өткен жылғы көрсеткіш қайталанбауында қадап тапсырды. Тексеріс барысында үздік деген 510 оқушының бұл мәртебеге 491-і ғана лайық болып шығып, ұялтқаны бар еді.

 

Г.Асқарқызы

Пікірлер