Сонымен супердержава АҚШ халқы таңдауын жасап, билігін ауыстырды..
Мұның Қазақстанға қандай әсері болмақ?
Алдымыздағы қаңтар айында әлемдік саясаттың іргетасы құйылатын Ақ үйдегі «Бәрінен бұрын АҚШ», яғни «Алдымен өзімізді ойлайық» деген саясат жүргізген Д.Трамптың орнына «АҚШ одақтастарымен ғана күшті» деген ұранмен Джо Байден кіреді..
КСРО-ға ең алғаш 1979 жылы АҚШ сенаторларының делегациясын басқарып келген Джо Байден орыс саясаткерлерінің мінез-құлқын әбден меңгерген..
Алдау-арбауына көне қоймайтынын сайлау науқаны барысында-ақ байқатып үлгерді..
Сондықтан Ресей үшін қиын күндер туып келе жатыр деп айтуға болады. Донбасс пен Қырым үшін Б.Обама әкімдігі салған санкцияларды Трамп барынша жұмсартып тастап еді.
Байден қайта қатайтпақ..
Өз командасын да соған сай жинап жатыр.
Байден АҚШ Мемлекеттік хатшысы лауазымына ұсынып отырған Энтони Блинкеннің түбі Киевтен екен..
Блинкен 2019 ж. The Washington Post газетіндегі бағанында «РФ президенті В. Путин мен Қытай басшысы Си Цзиньпинді құрғақ сөзбен көндіру мүмкін емес. Олардың дәстүрлі имперлік пиғылдарын мойындау РФ мен ҚХР ықпалындағы егемен халықтарға жасаған сатқындық болар еді» деп жазған екен..
Яғни, Байден командасы Қазақстанның ең жақын одақтасы Ресейдің де, Қазақстанның ең үлкен инвесторларының бірі Қытайдың да маңдайынан сипамайтыны белгілі болды...
Бір бұзақыны желеулетіп алдымен Түркияны Франциямен дипломатиялық жанжалға киліктірген Ердоған әкімдігі енді Ливия жағалауында қару-жарақпен ұсталған Rosaline кемесі үшін Германиямен дүрдараз болуы мүмкін.
Ливияға заңсыз қару-жарақ тасымалдаушылардың жолын кесу операциясы шеңберінде Жерорта теңізін қатаң бақылауда ұстап отырған Еуроодақ күштерінің құрамындағы немістің "Гамбург" күзет кемесі 22 қараша күні Ливия жағалауында Түркия туы астында жүзіп жүрген бір күдікті кемені тоқтатып тінте бастайды. Бұған жедел түрде Түркия наразылық білдіріп тінтуді тоқтатады.
Енді 2 елдің дипломаттары өзара шапылдасып жатыр..
"Гамбург" күзет кемесі Германия туы астында жүргенмен, ЕО миссиясын атқарып жүргенін ескерсек, түбі бір түркі үміттеніп отырған Ердоған билігі бүкіл Еуропаны өзіне қарсы қойып алу қаупі тұр..
Сонымен алдағы жылдарда әлемдік саяси және экономикалық конъюнктура Қазақстан үшін қолайлы болмай тұр..
Оған мұнай бағасының төмендігі, пандемия мен соған байланысты экономикалық өсімнің тоқтауы, жемқорлық және тұрғындардың бір бөлігінің кәдімгі масылдық кеселіне шалдыға бастағанын ескерсек, Қазақстанға шұғыл түрде жаңа экономикалық бағдарлама жасау керек..
Бірақ, оны түсінетін жан болса...
Әлдебір ойындарды тауып алып, соны ермек қып отыр..
«Әкеңнің өлгенін жасырарсың-ау, көмгенде қайтпексің?»