Орыстардан империя жасаған немістер

6613
Adyrna.kz Telegram

Мына карта 1768 - 70 жылғы Еділ өзенінің картасы.
Осы кезде Еділ өзенінің ар жағына орыс казактары мен крестьяндары көшіп келіп поселение салып орналасып жатыр.
Еділдің бер жағы бос жатыр, орыс әлі оған жеткен жоқ. (Бұл кезде "Петропавл, Павлодар, солтүстік Қазақстан біздің жер" деген әңгіме жоқ, солтүстік Қазақстан қайда, орекең қайда?)
Ал сол кезде Жайық өзенінің бойы жағалай мынадай форпост (бекініс) қаптап тұрады екен (суретте).


Оны неміс саяхатшысы Петр Симон Паллас хатқа түсіріп кетіпті.
Паллас жазыпты, осындай әр форпостта 20 - 25 орыс - казак күзет қылып қызмет етеді екен. Сосын әр бекіністе бір зеңбіректен тұрады мыс. Ол зеңбірек міндетті түрде ар жақтағы қазақ даласына қарап тұрады екен, себебі ол кезде қазақ даласынан орысқа қарай өтіп, орыс поселениесін шауып кететін шапқын көп болады.(Палластан).

Осы жерде сәл тоқтайықшы. Біз рас 300 жыл орысқа бодан болдық па?
Ендеше біздің бодандық 1691 ден басталып 1991 жылы аяқталмаушы ма еді....
Ал 1691 жылы Тәуке ханның орыстың Түмен, Тобыл деген бекіністеріне қарасты елді шауып талқандап жүргенін мен алдыңғы посттарда жаздым...
Енді міне, 1770 жыл, 1991 жылға, яғни азаттыққа 220 жыл бар екен, бірақ біз бұл кезде әлі орысқа бодан емес екенбіз.
Себебі, осы саяхатшы Паллас, орыс патшасының арнайы адамы, өз жазбаларында 1770 жылдары қазақ даласына аттап басып кіре алмай жүр.
Ол бергі жақтағы жерлерді "қазақ ордасына қатысты жерлер" деп атап отырған екен. Ал орыс бекіністеріндегі зеңбіректердің ұңғысы қазақ даласына қарап тұр.
Дені дұрыс мемлекет өзі отарлап алып бодан қылған елінің шекарасына форпост орнатып зеңбірегін сол жаққа қаратып қоя ма?.

Сондықтан, біздің "қазақ орысқа 300 жыл бодан болдық" деген сөз оттаған сөз екен.
Меніңше, біздің бодандық кезең 150 - 170 жыл. Оған шейінгі кезең бізде, еркін халықтың ғұмыры бопты.

Мен осы орыстың тарихына жақсылап тұрып үңілсем бар ғоя, қаптаған немісті көремін, шынтуайтына келгенде біз орысқа емес, неміске бодан боп жығылған сияқтымыз.
Орыс патшасына қызмет қылып Сібір мен Азияны зерттеген, оны жаулаған тұңғыш саяхатшылар мен әскерилер, генерал - губернаторлар, казначейлер, дворяндар т.б.. бәрі неміс тектес адамдар екен.
Орысқа зеңбірек атып үйреткен неміс.
Орысқа Сібірдің ұңғыл - шұңғылын зерттеп, оның байлығын санап берген неміс екен. Мессершмидт, Гмелин, Паллас, дат Беринг, швед Стралленберг, т.б...Кілең қаптаған неміс жиһанкездері...Рас, өзге неміс тектес еуропалықтар да кездеседі...

Орысқа меттал қорытатын зауыт салып үйретіп күллі Сібірге 17 ғасырдан бері зауыт салып тастаған да неміс.
Орыс патшасының қызметіндегі генерал - губернаторларға шейін түгелімен жуығы неміс - Кауфман, Руперт, Гасфорт, Рейнсдорп т.б...
Орыс патшасының қызметіндегі әскери неміс тектес генералдары қаншама...
Кезінде біздегі Исатай мен Махамбет көтерілісін жаныштаған әскери полковник Гекке де неміс болатын.
Ал ана орыс қызметіндегі әскери казактар жәй барып кел, шауып кел мақсаттағы және қасапханаға, оқтың өтіне айдауға ғана пайдалынатын әскер болған сияқты.
Былайғы орыстың білікті әскери генералдары кілең немістерден құралған екен.

Орыс патшасының қасындағы казначей дворяндары, кеңесшілері, байбатшалары, ғалымдары қалың немістерден тұрған екен...

Жалпы, орекең үйінің жанындағы бес торайы мен қара нанын өсіріп үйі мен моншасының маңында ақаңды саломен закускілеп тыныш қана жүрген бейбіт халық еді, бұлардың тарихына терең үңіле отырып, кезінде оларға осындай алпауыт империя құрып берген немістер деген сөзге менің көзім жеткендей болды.

Олжас Әбіл

Пікірлер