Құранда жаназа намазы жоқ!

8652
Adyrna.kz Telegram
اقامه نماز بر پیکر مطهر آیت الله خوشوقت
اقامه نماز بر پیکر مطهر آیت الله خوشوقت

Әр халықта өзінің жерлеу дәстүрі бар. Көбінесе, дәстүрлер діни рәсімдерге сүйенеді, бірақ олардың атрибутикалары әртүрлі (әр халықтың ұстанатын дін-конфессиясына байланысты).
Егер біз Құранға бет аударсақ, онда өлімнен кейінгі әрекеттің жалпы қағидатын көре аламыз. Бұл қағидатты біз Адамның бір ұлы басқа ұлын өлтіргенінің мысалынан табамыз:
Жаратушы құзғынды жөнелтті. Ол, бауырының мәйітін қалай жасыру керектігін оған көрсету үшін жерді қазды. Ол (Қабыл): «Қайғы маған! Мен бауырымның мәйітін жасырып, осы құзғын ғұрлы бола алмадым!» – деді де өкінгендерден болып қалды. (5:31)
Бұл мысалдан біз Жаратушы марқұмды жерге көмуді ұйғарғанын түсінеміз. Кремация мен бальзамдаудың мысалдары жоқ, демек бұлар таза адами шешімдерге жатады.
Мұсылмандарда жерлеу рәсімі «жаназа намазы» деп аталады (марқұмға арналған діни рәсім). Дінбасылар жерлеу кезінде көне, мыңжылдық дәстүрге сүйене отыра, барлық адамды ұжымдық сиыну үшін сапқа тұрғызып, рәсімді өткізеді.
Алайда, егер біз Құранды ашсақ, онда ұжымдық сиыну формасының дәл сондай түрін таппаймыз. Ұжымдық сиыну жиналыс күні кезінде ғана кеңесу арқылы ұйғарылады, бірақ жұрт жиналып, марқұм үшін ұжымдық сиынуды орындасын деген ұйғарым жоқ. Оның үстіне, егер марқұм Алланы және оның елшісін мойындамаған болса, онда елшіге сол марқұм үшін сиынуға және қабірінің басында тұруға тиым салынған:
Олардан өлгеннің ешқайсысы үшін сиынба және қабірінің басында тұрма! Расында, олар Алладан және Оның елшісінен жабылған күйде қайтыс болды! Олар – шегінушілер! (9:84)
Алайда, молдалар марқұмның еркіне, оның Аллаға және Құранға деген көзқарасына қарамай, бәрібір жерлеу рәсімін өткізетінін біз іс жүзінде көре аламыз. Бұл түсінікті, себебі неке қию рәсімі тәрізді жерлеу рәсімі де әжептәуір табысты бизнес қой.
Молдалардың айтуынша марқұм үшін оқылған Құран оның о дүниедегі күйін жеңілдетеді. Бірақ бұл тұрғыдан да олар Құранға қайшы келуде:
… Расында, бұл тек Ескерту мен анық Құран ғана, тірілерді алдын-ала ескерту үшін және жабылғандарға қарсы айтылған сөзді растау үшін! (36:69-70)
Көргеніміздей, Алла Құранның мәнін нақты анықтады – өлілер үшін емес, тірілер үшін ескерту. Көлік жүргізу кезінде апатқа ұшырап, қайтыс болған жүргізушіге жол жүру ережелерін оқу қаншалықты қисынсыз болса, марқұмға өлгеннен кейін Құран оқу да соншалықты қисынсыз және абсурд:
Бірақ өздеріне өлім келмейінше жаман істер жасап: «Енді мен тәубеге келдім!» – дейтіндердің тәубесі қабылданбайды. Жабылған(жоққа шығарған) бойда қайтыс болғандардың да тәубесі қабылданбайды. Сондайларға Біз ауыр азап дайындадық. (4:18)
Адам қателерін түсініп, мойындап, жағдайды түзеткен кезде ғана оның тәубесі қабыл етіледі:
Расында, Мен тәубесіне келіп, сенім келтіріп, түзелгенді, сонан соң бағытталғанды міндетті түрде кешіремін! (20:82)
Тәубеге келгеннен кейін сенім келтіріп, сосын түзелу көз тірісінде ғана мүмкін, тура өлім алдында бұл мүмкін емес.
Жалпы алғанда марқұм үшін сиынып дұға ету керек пе? 9:84-ке сүйенсек, онда (кері логиканың негізінде) марқұм Аллаға сенім келтіріп, елшіні мойындаса біз ол үшін жеке түрде сиына аламыз деген тұжырым шығады. Әрине, қалыптасқан дәстүрге қарсы жүру қиын, бірақ кем дегенде, адамдар (әсіресе молдалар) марқұм Құран мен елшіні мойындамай, Аллаға сенім келтірмесе, онда сондай адам үшін сиыну Алланың ұйғарымын бұзушылық екеніне өздеріне есеп берулері тиіс.

Автордың пікірі редакция көзқарасын білдірмейді.

Серік Рысжанов

 

Пікірлер