Жатақханада қалған қазақстандық студенттер азық-түлікпен қамтамасыз етілді

2993
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық жоғары оқу орындарының әкімшіліктері студенттерді азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚР БҒМ мәлімдеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта студенттер қысқы демалыста.

Жалпы, бүкіл ел бойынша ЖОО жатақханаларында қалған студенттер саны аз. Атап айтқанда, студенттердің жалпы санының 4%-ы немесе 6 мыңға жуық студент қалды. Негізінен, олар – шетелдіктер және шалғай аймақтардан келген студенттер.

Осы күндері ЖОО-лар басшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, жатақханада қалған студенттер төтенше жағдай кезінде азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілуі үшін жатақханаға азық-түлік пен тауарлар және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізілді.

Қазір ЖОО-лар басшылығы бірнеше күнге азық-түлік резервін қалыптастырды. Жедел желі телефондары жұмыс істейді.
8-7172-74-16-24
8-7172-74-20-67
8-7172-74-23-52

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер