Қырғызстан Қазақстанға қарсы нота жіберді

230

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінің жанына Викрам Рузухановты қолдаушылар митингке шықты. Ол жерге әншілер, музыканттар мен қарапайым тұрғындар жиналды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 

Наразылық білдіруші топқа Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Қамчыбек Ташиев келді. Ол Рузухановтың террорист емес екенін, билік ел азаматына негізсіз айып тағылғанда үнсіз қалмайтынын айтты.

"Біздің азаматымызды, оның үстіне заңға бағынатын музыкантымызды террорист сияқты көрсету намысымызға тиеді", - деді қауіпсіздік комитетінің басшысы.

Оның ойынша, Қазақстанның құқық қорғау органы қателескен болуы керек. Қырғызстан Қазақстанға қарсы нота жіберді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Sputnik тілшісіне нотаның жіберілгені туралы ақпараттың тексеріліп жатқанын айтты.

Қырғызстан президенті баспасөз хатшысының мәліметінше, қазіргі күні екі елдің ішкі істер министрлігі Викрам Рузухановтың ұсталуына қатысты жағдайдың анық-қанығын талқылап жатыр.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket