Дулат Исабекті “Қазақ Республикасына 100 жыл” алтын медалымен марапаттадық - Қазыбек Иса

280

ҚР Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса өз фб парақшасында "Жаңа жыл - Барыс жылының алғашқы құттықтауымыз - Әлемге әйгілі жазушы-драматург Дулат Исабекті “Ақ жол” партиясының Алаш арыстары құрметіне арнап шығарған “Қазақ Республикасына 100 жыл” алтын медалымен марапаттадық", - деген жазба қалдырды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

- “Бөрте” драмасы үшін “Қазақ үні” ұлттық порталы-газетінің дәстүрлі “ЖЫЛ АДАМЫ” - “ЖЫЛ ДРАМАТУРГІ” номинациясын тапсырдық. Біртуар тұлға, ардақты ағамыз да інісін “Адырна” ұлтық порталы ұйымдастырған Фейсбуктің миллионға жуық жазылушысы бар 7 тобындағы жалпыхалықтық дауыс беруде ““ЖЫЛ АДАМЫ” - “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДЕПУТАТЫ” атанғанымен құттықтап, құрметтеп шапан жапты! , - деп сүйіншіледі Қазыбек Иса.

Сөз соңында Мәжіліс депутаты барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап "Жаңа жыл - Жақсылықтар жылы болғай! Алла жар болсын! Ақ жол!", - деп тілек білдірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket