Өзбекстанда артық салмақтан арылғандарға ақша төлейді

713
Өзбекстанның Ферғана облысы басшылығы семіздікпен күресуге мықтап кірісті. Жергілікті билік толық адамдарды арықтауға ынталандыру үшін ерекше тәсіл ойлап тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы
"Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.

Жуық арада Ферғананың артық салмақтан арылған тұрғындарына, тастаған әр келісі үшін жергілікті үкімет 500 мың сумнан (20 мың теңге) төлейді.

Осы мақсатта, әрір ауданда семіздікке ұшыраған адамдардың тексеруден өткізетін арнайы комиссия жұмысын бастады. Етженділікке шалдыққан тұрғындар арнайы бағдарламаға тіркеліп салмақ тастауды бастап кеткен. Олардың жетістіктері жіті қадағаланады.

Өзбекстанда артық салмақтың кесірінен науқастар саны 80% көбейді. Қант диабеті ауруын талдадық, қант диабетімен ауыратын 32 мың пациент тіркелді, олардың тек 2000 – ы-қант диабетінің тұқым қуалайтын түрі. 30 мың адам дұрыс тамақтанбау, стресс, семіздіктен екені анықталды.Өзбекстанның Ферғана облысы басшысы Хайрулло Бозоров

Аурудың 50-55%-ы артық салмақ пен дұрыс тамақтанбаудан болады деген бастамашыл топ адамдар ақша үшін арықтауға барын салатынын айтады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket