Радио күні ескі қалашықта жалғасты

2069
Adyrna.kz Telegram

Радио күні "Шымқала" тарихи-мәдени кешенінде жалғасын тапты. Мегаполистің театр, цирк және өзге де мәдени ошақтарында еңбек етіп жүрген 200-ден аса қызметкері қонақтарды ежелгі қаланың бас қақпасынан сахналық қойылыммен қарсы алып, әннен шашу шашты.

Сонымен қатар, қала қонақтарына тарихи-мәдени кешеннің цитаделі таныстырылды. Кешен экскурсоводтары Шымшаһардың терең тарихымен таныстырып, ескі қаладағы археологиялық аймақты көрсетті. Радиотілшілер ХІ-ХІІ ғасырдағы су құбырларын, қауыз бен "Махаббат мұнарасы" бөлмесін, садақ ату алаңшасын тамашалап, ескі қаладан ерекше әсер алды.

Пікірлер