Ертеректе қандай да бір сырқатқа тап болып, ауыр хәлде жатқан адамның беті бері қарамайтыны, оңалмайтыны белгілі болған сәтте, оның ата-анасы немесе жақын туысы жаратқанға жалбарынып «Сырқат адамның орнына мені ал, өзімді оның жолына құрбандыққа шалдым» деп иманын айтып тірі қалуын тілеген екен. Дәл осы байырдан келе жатқан рәсімді қазақта Айналмақ деп атаған. Бұл жағдайды тек түрлі шипа іздеп, ем қонбаған жағдай да ғана, амалы таусылған кезде қимастықтан қолданған.
Қазақта «Yйді айналып жүгіру», «Отырған немесе жатқан адамды айналу» жамандық шақырады деп сеніп мұндай әрекеттерге үлкенінен кішісіне дейін тыйым салған. Олай істесе, өзгенің ауруы саған ауысады, бақ адасып бақытсыздыққа ұшарайсың деп сенген. Онымен қоса, адамды, үйді айналма дегені және «Айналайын» деген қазақ сөзінің төркіні осы айналмақ үрдісіне тікелей қатысы болса керек.
ФБ-дағы "Халық банкі" ресми парақшасынан