Алматы маңынан жүзден астам оба ауруына шалдыққан ит табылды

2777
Adyrna.kz Telegram

Коммерциялық емес ұйымның ерікті қызметкерлері Алматы маңынан жүзден астам итті тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Жердегі тозақ. Оба ауруына шалдыққан жүзден астам ит шошқа фермасында тұрады. Барлығы ауру. Тіпті бір-бірін өлтіріп, жеп, күшіктеніне дейін тиіскен”,- деп жазды dom_perederzhka инстам парақшасы.

Иттердің аш екендері соншалық, қағаз, сүлгі сынды заттарды жеуде. Осы қағазды жеу үшін бір-бірімен аямай төбелеседі.

“Бүгін қайсы тірі қалып, қайсы өледі? Бұл ауру, бұл нашар. Тек 2 күні қалды-ау. Бәрібір өліп қалады”,- деп таңдау жасаудың өзі де ақылға симайды деді жазба авторы.

“Көлікпен кетіп бара жатқанда артымыздан барлығы жүгіріп, жылайды. Бұл тозақ қой. Тоқтап, бір итті өзімізбен алып, дереу ол жерден қашуды көздедік. Ал қалғаны артымыздан жүгіріп, жылады...”,- деді ерікті.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер