Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді

200

Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді.

Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды.

Қойылымдардың күні мен уақыты:

26 қазан күні, сағат 15:00-де «Жаңаталап» мәдениет үйі

27 қазан күні, сағат 15:00-де «Шапырашты» мәдениет үйі

29 қазан күні, сағат 15:00-де «Сайрам мәдениет» үйі

Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.

Пікірлер
Редакция таңдауы