Шымкентте марафон өтті

1392
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Shymkent Marathon 2021» спорттық іс-шара өтті. Марафонға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары М.Исахов құттықтады.

Осымен бесінші рет өткізіліп отырған марафонға қала тұрғындарымен бірге Қазақстанның 30 қаласынан келген спортшылар және әуесқойлар қатысты.

Жарысқа қатысушылар «Наурыз» алаңынан старт алып, Бәйдібек би және Төлеметов көшесімен Алматы А2 трассасына дейін жүгірді. Мәре сызығы «Наурыз» алаңы. Жүгіру қашықтығы 42, 21, 10 және 5 км болды.

Марафон қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға халықтар достығы бейнеленген медальдар табысталды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер