Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

1274

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында бес көліктің қатысуымен жол апаты болды. Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

14 қарашада сағат 19.20-да Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында ірі жол апаты болды. Көктайғақ пен қалың қардың әсерінен тасжолда бірден бес көлік соқтығысты. Оқиға орнында алған жарақаттардан екі адам қайтыс болды. Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

- Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар