Павлодарда бір тонна көмір ұтқан тұрғынды ауылдастары қызғанып, ұрып тастаған

495

Павлодар облысында мәдениет үйінің қызметкері бір тонна көмір ұтып алған байқау жеңімпазын қызғанышпен ұрып, айыппұл алды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ауыл мекемесі қызметкерлерінің бірі жеңімпазға деген жеке көзқарасы мен қызғаныштан конкурстың қорытындысымен келіспеген.
Оқиға Қозыкеткен ауылында болған. Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бір күн бұрын мұнда "Ауыл әйелі күні" өтіп, жергілікті тұрғындар үлгілі ауыл тұрғынын таңдады.

Мәдениет үйінде мерекелік дастарқан басталатын күні ішімдік ішіп,  жеңімпазбен есеп айырысуға бел буған.

Осылайша, ол құрбысымен бірге жеңімпазды іздеуге аттанған. Бөтен адамның үйіне баса-көктеп кірген әйел қызғаныштан жеңімпазды ұрып-соғып, айқайлап, үйде ұйықтап жатқан кішкентай балаларды оятқан.

Пәтер иесі оны сабырға шақыра бастаған, алайда ол керісінше, одан сайын жеңімпазбен қоса пәтер иесін де ұра бастаған.

Бұл оқиғадан кейін зардап шеккен әйелдер бірден полицияға жүгінбеген, өйткені қорыққан. Алайда кейін полицияға арыз берді. Медициналық сараптама олардың соққыға жығылғанын және гематомалар бар екенін анықтады.

Успен аудандық соты Қозыкеткен ауылы мәдениет үйінің қызметкерін ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік тәртіппен 15 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салды. Сот құжатында сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, айыппұл сомасын отыз пайызға, 30 628 теңгеге дейін қысқартқаны айтылған.

"Қазір қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр. Бұл байқау аудандық мәдениет бөлімінің іс-шаралар жоспарына кірмейді, әдіскер оны жеке бастамасы бойынша өткізді", - деп түсіндірді Успен ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жүніспаева.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар