Шымкенттік спортшылар халықаралық жарыста үздік нәтижелер көрсетті!

1671
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың 07-11 қазан аралығында Польша елінің Ламияки қаласында арбамен би спорт түрінен Халықаралық лицензиялық турнир өтті.

Шымкент қаласының N19 мүгедектерге арналған спорт клубының паралимпиалық бөлімінің спортшылары қатысып жүлделі орынға ие болды:
Муканова Айдана & Калымбетов Ермек "duo standard class 2" жаттығуында күміс жүлдегері атанды.
Муканова Айдана Калымбетов Ермек "duo Latina class 2" жаттығуында күміс медаль жеңіп алды.
Муканова Айдана Калымбетов Ермек "duo freestyle class2" жаттығуында күміс жүлдегері атанды.
Калымбетов Ермек "single men class 2 standard" жаттығуында- 4-орын алды.
Калымбетов Ермек "single freestyle class 2" жаттығуында күміс  жүлдегері атанды.
Муканова Айдана "single women class 2" жаттығуында 4-орынға ие болды.

Пікірлер