Жуырда атын Meta деп өзгерткен Facebook әлеуметтік желісі алты жасар қолданушылардың көмегімен тұтынушылық базасын кеңейтіп, табысын арттырмақ болған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Life басылымының айтуы бойынша, Facebook ұзақ уақыт бойы 13 жасқа дейінгі аудиторияны елемей келді. Бұл американдық заңдардың қаталдығына байланысты болды. Себебі компанияға болашақта қандай да бір себептермен сот алдында жауап беруден гөрі балалармен араласпау оңайырақ болды.
"Daily Mail" басылымының мәліметіне сәйкес, корпорация 6-9 жас аралығындағы балалар мен 10-12 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған өнімдердің толық спектрін қайта қарау үшін қызметкерлерді жалдамақ болған.
Айта кету керек, 29 қазанда Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг Connect онлайн конференциясы барысында компанияның жаңа бренді Meta аталатынын жеткізген болатын.
"Адырна" ұлттық порталы.