Із-түссіз жоғалған ер адам іздестірілуде

1666

Ақтөбе облысының полицейлері із-түссіз кеткен ер адамды іздеуде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы 02.02.1995 жылы туған, Байғанин ауданының, Жарсай ауылының тумасы, Ақтөбе қаласында тұратын, 23.09.2021 жылы сағат 08:00 шамасында үйден жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған Шофер Бекболат Сембайұлын іздестіруде. Үйден кеткен кезде Шофер Б.С. қара түсті бейсболка, “The NORTH FACE” деген жазу бар (фотодағыдай) капюшоны бар қара көк түсті ветровка, қара түсті шалбар, аяғына ақ түсті кроссовка киген.

Белгілері: бойы 170-175 см, денесі арықша келген, шашы қара, қысқа кесілген, құлақтары үлкен, ерні қалың, көздері қысыңқы, қоңыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы