Tesla акциялары құнының өсуінің арқасында Илон Масктың байлығы 300 миллиард долларға жақындады. Осылайша ол Forbes рейтингі тарихындағы ең бай адам атанды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Дүйсенбі күнгі нарықтардың жабылуында оның жалпы активтері 271,3 миллиард долларды құрады, бұл жұма күнгі сауданың жабылуындағы өткен аптадағыдан шамамен 41,7 миллиард долларға көп.
Forbes Real Time рейтингі оның байлығын бағалауды 254,9 миллиард долларға дейін төмендеткен. Дегенмен, оның бұған дейін қол жеткізген байлығының деңгейі рекордтық көрсеткіш болып қала береді.
Бұған дейін Forbes рейтингі тарихындағы ең бай адам Amazon негізін қалаушы және бұрынғы бас директор Джефф Безос болатын.
Шілде айында Amazon акциялары шарықтау шегіне жеткенде, оның байлығы 212 миллиард долларға дейін өсті, қазір құны 196,5 миллиард долларды құрайды.
"Адырна" ұлттық порталы.