Ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік мәлімдеме жасады

2239
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кезде «1 қарашада eGov-ты платформалық нұсқаға өткізу туралы шарт жасалады-мыс» деген әңгіме таралып, журналистер мен қоғам өкілдері тарабынан осыған байланысты сауалдар түсіп жатыр.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Кейбір кісілер осындай алып-қашпа әңгімелерді қасақана таратуда, сондықтан журналист-әріптестерден тек қана ресми ақпарат көзіне сенуді өтінемін: министрліктің mdai.gov.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары.

Сондай-ақ бұған дейін алғышарттар көрсетілген меморандум жарияланған болатын. Меморандумның толық мәтінін Әділет нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтынан таба аласыздар.

Мақсат ТӨЛЕГЕНОВ,
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Баспасөз қызметінің жетекшісі.

Пікірлер