Шымкентте белсенді жастар марапатталды

1959
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының слеті өтті.

«Мен өз елімнің парасатты ұрпағымын» атты шараға «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, білім саласы өкілдері мен клубтың белсенді мүшелері қатысты.
Шара барысында жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату жайы сөз болды.
Слетта студенттік клубтардың жұмысы баяндалып, қатысушылар адалдық пен рухани байлықты дарытудағы ойларын ортаға салды.
«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбардың айтуынша, студенттік шақта негізгі өмірлік ұстанымдар қалыптасады, сондықтан да білімге құштар, белсенді жастарға әрқашан қолдау көрсетіп, мұғалімдер, ата-аналар тарапынан дұрыс бағдар беру керек.
Сондай-ақ, жастар белсенділері бас қосқан жиында логикалық ойындар ұйымдастырылып, жалынды жастар жемқорлықпен күресудің тиімді тәсілдерін қарастырды. Шара қорытындысымен белсенді жастар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қаламыз бойынша 6000-ға жуық мүшесі бар 35-тен аса студенттік клубтар жұмыс жасауда. Клуб мүшелерінің әрқайсысы білім берудегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуы елімізге үлкен қауіп екендігін жақсы түсінеді.

Пікірлер