Коронавирус жағдайына байланысты Ресей президенті Владимир Путин 30 қазан мен 7 қараша аралығын демалыс күндері деп жариялау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "zakon.kz-ке "сілтеме жасап.
"Newsler.ru" сайтында 30 қазан мен 7 қараша аралығын демалыс күндері ретінде жариялау туралы ұсынысты Ресей Федерациясы Премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикова COVID-19 ауруы өсіміне байланысты ұсынғаны айтылады. Голикованың бүкіл ел бойынша демалыс күнін енгізу идеясын премьер-министр Михаил Мишустин де қолдаған.
— Ресейде бірнеше аймақтар үшін демалыс күндері, тіпті 23 қазаннан басталады. Инфекцияның таралуын бәсеңдету маңызды. Бұл арада жұмыс істеген күндердің барлық кезеңіне жалақы төленетінін нақтылау қажет пе? - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
"Адырна" ұлттық порталы.