Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер көмірқышқыл газынан уланды

3395
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстанда төрт адам, оның ішінде екі жасөспірім көмірқышқыл газынан уланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде хабарланғандай, оқиға Глубокое ауылында болған.

Көмірқышқыл газынан уланған төрт адам - 2000, 2002, 2006 және 2010 ж.т. 2006 жылы туған қыз ауыр дәрежеде, қалғандары - орташа дәрежеде зардап шеккен. Барлығы ауруханаға жатқызылды, деп ШҚО ДСШ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Департамент аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тамыз айында осы үйдің тұрғындарына пешті жылыту маусымына дайындау қажеттігі туралы ескерткеніне сендірді, бірақ үй иелері өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспады.

Зерттеу сынау зертханасының қызметкерлері арнайы қондырғы көмегімен қонақ бөлмеде көміртегі тотығының мөлшеріне өлшеу жүргізді. Құрылғы көміртегі тотығының болғанын көрсетті, содан кейін бөлмелер желдетіліп, пешті пайдалану кезіндегі ереже бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді, дейді ШҚО ДСШ баспасөз қызметі.

Көміртек тотығын бекерге «үнсіз өлтіруші» деп атамаса керек. Оны көру, сезіну мүмкін емес және оның салдарының соңы өте қайғылы аяқталуы мүмкін. Көміртек тотығымен улану концентрацияға байланысты күрт немесе баяу көрінуі мүмкін. Өте жоғары концентрацияда улану тез жүреді, сананың жоғалуымен, құрысулармен және тыныс алудың тоқтауымен сипатталады.

Аталған қайғылы жағдайдан сақ болу үшін ШҚО ТЖД мынадай ережелерді ұсынады:

  • жөнделген және дұрыс жұмыс жасайтын пеш жабдықтарын ғана қолданыңыз;
  • пешті уақытында жөндеңіз, пеш жақтауындағы сынықтарды, жарықтарды жабыңыз;
  • мұржаны уақытында тазалау;
  • жақсы желдету;
  • пештің демпферін көмір тұтанып кеткенше жаппаңыз.
    Төтенше жағдайда «101» және «112» телефондарына хабарласыңыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер