Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің тізімін жариялады

2531
Adyrna.kz Telegram

Тізім бойынша соңғы жылдары танымал бизнесмендер көшін бастап тұрған Болат Өтемұратов екінші орынға түсті.  Сонымен, Қазақстанның ең ықпалды бизнесмені Тимур Құлыбаев болды.

Тимур Құлыбаев бірінші орында алғаш рет болып отырған жоқ. Бизнесмен – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті, Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті. «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы, ресейлік «Газпром» трансұлттық энергетикалық компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің ондығын ұсынамыз:

  1. Тимур Құлыбаев
  2. Болат Өтемұратов
  3. Вячеслав Ким
  4. Владимир Ким
  5. Қайрат Боранбаев
  6. Нұрлан Смағұлов
  7. Айдын Рахимбаев
  8. Кеңес Рақышев
  9. Александр Белович
  10. Данияр Абулгазин

Толық тізімді Forbes Kazakhstan журналының қазан айында жарыққа шыққан нөмерінен оқи аласыздар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер