900 миллион доллар: "Кальмар ойыны" Netflix-ке бір ай ішінде "адам сенгісіз" табыс әкелді

3203
Adyrna.kz Telegram

Netflix -тің соңғы хиті бар болғаны бір ай бұрын ғана шыққан «Squid Game» (Кальмар ойыны) компанияға 900 миллион долларға жуық табыс әкелді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Компанияның бағалауы бойынша, оңтүстіккореялық шоудың алғашқы екі минутын премьера болған күннен бастап алғашқы 23 күнде шамамен 132 миллион адам тамашалаған, деп хабарлайды Bloomberg.

Netflix шоуды көре бастаған адамдардың 89% -ы бірнеше эпизодты, ал көрермендердің 66% -ы бүкіл эпизодты көргенін түсіндірді. Жалпы, адамдар тамашалауға 1,4 миллиард сағаттан астам уақыт жұмсады.

Сонымен қатар, серия басқа өнімдердің арасында тек танымалдылығымен ғана емес, арзандығымен де ерекшеленеді. Netflix құжаттарына сәйкес, тоғыз эпизодты шығаруға небәрі 21,4 миллион доллар жұмсалған - бір эпизодқа шамамен 2,4 миллион доллар. Салыстыру үшін, «Короны» сериалының бір эпизодына шамамен 13 миллион доллар, ал «Очень странные дела» сериялының  бір эпизодына 12 миллион доллар жұмсалды, - деп жазды Variety.

«Кальмар ойыны» сериясы алғаш рет 17 қыркүйекте шықты, ал бір аптадан кейін қаралымдар бойынша бірінші орынға шықты. Squid Game тек әлемдік рейтингте ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерде, соның ішінде Америка Құрама Штаттары мен Ресейде танымалдылық тізімінде бірінші орынға шықты. Жаңа сериал өмірі тығырыққа тірелген адамдар үлкен ақшалай сыйлық алу үшін өз өмірлерін қатерге тігетін құпия тірі ойын туралы түсірілген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер