Түркияда 65 жастағы жергілікті тұрғын Қырғызстанның 31 жастағы тумасын қатыгездікпен өлтірді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «AKIpress-ке» сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 12 қазан күні кешке Текирдаг қаласында болды. Фехми есімді ер адам баласына тұрмысқа шығып, екі баласын тәрбиелеп өсірген келіні Аятпен ұрысып қалады. Оқиға болған күні күйеуі үйде болмаған.
Фехмидің айтуынша, жанжал оның келінінің балаларға (немерелеріне) дұрыс қарамағандығынан пайда болған. Ер адам келіні Аяттың балаларды ұратынын, өзіне және әйеліне қиянат жасағанын айтады. Фехми келінінен балаларды ұрмауды өтінеді, бірақ ол бағынбайды. Нәтижесінде қырғыздың қызына атасы пышақ сұғып алады. Келінінің денесін жасыру үшін ол арамен әйелдің денесін бөлшектеген: ол бір бөлігін қоқыс жәшігіне лақтырса, ал екіншісін көліктің жүк салғышына тығып тастаған.
Ер адам қылмыстың ізін жасырған кезде, әйелі үйге қайтып келген. Ол қанды көріп, Фехмиден не болғанын сұрайды. Күйеуі қылмысын мойындаған, ал әйелі полицияға хабарласқан.
Қырғыз қызы Аят Хатун инстаграм парақшасын белсенді түрде жүргізіп келген. Ол өзінің парақшасына «Бала күтіміндегі ананың күнделігі» деп жазып, онда отбасы мен Түркиядағы өмірі туралы әңгімелеген.
Жас ана өзінің соңғы жазбасын 10 қазанда жариялаған.
"Адырна" ұлттық порталы.