Тбилисидің орталығындағы Бостандық алаңында Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің жақтастары оны босатуды талап етіп, шеру жасады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.
Митингті бұрынғы Мемлекет басшысы құрған оппозициялық "Біріккен ұлттық қозғалыс" ұйымы ұйымдастырды. Басқа оппозициялық партиялар бұл шараға қатысуды жоспарламаған.
Ұйымдастырушылар көрермендерді сахнадан қарсы алды. Экранда Саакашвилидің суреті көрсетілді. Митингке халық көп жиналды, астананың орталық алаңы халыққа лық толды, саясаткердің жақтастары келуді жалғастыруда. Саакашвилиді қолдауға және оны босатуды талап етуге әр түрлі жастағы, кейбіреулері кішкентай балаларын ертіп келген. Халық Грузияның, кейбіреулері АҚШ, Әзірбайжан, Украина және Еуропалық Одақтың мемлекеттік туларын ұстаған.
Тәртіп сақшылары барлық іргелес көшелердегі, соның ішінде Шота Руставели даңғылы, Пушкин және Леонидзе көшелеріндегі көлік қозғалысын тоқтатты. Бұл ретте кез келген адам кедергісіз жаяу жүре алады.
18:30-ға (Мәскеу уақытымен 17:30) қарай адамдар алаңға сыймай қалды. Акцияға қатысушылардың көпшілігінің көңіл-күйі көтеріңкі, олар суретке түсіп, сөйлесіп, ұйымдастырушылардың сахнадан сөйлегенін тыңдады.
Мониторларда Украинаның «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенконың, Жоғарғы Рададағы «Халықтың қызметшісі» фракциясының жетекшісі Давид Арахамияның және журналист Дмитрий Гордонның бейнехабарламалары ұсынылды. Олар Саакашвилиге қолдау білдіріп, саясаткерді босатуға шақырды. Көрермендер оларды қол шапалақтап, қошеметпен қарсы алды.
Митинг тыныш өтіп жатыр. Тбилисидің орталық бөлігінде бірнеше полиция көлігі мен жедел жәрдем көлігі тұр. Алаңда арнайы техника жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы.