Елорда мектептеріне бомба "қойылған"

4315
Adyrna.kz Telegram

Елорданың мектептеріне бомба қойылғандығы туралы жалған хабарлама келіп түскен деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "zakon.kz-ке" сілтеме жасап.

Полицияға "102" нөмірі арқылы  қоңырау түскен, онда белгісіз біреулер Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептердің электронды мекенжайына жарылғыш заттар қойылды деген хаттар жіберген.

Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция тексеру жүргізген. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар табылмаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер