Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген әйел қайтыс болды (видео)

2469

Қарағанды қаласында 33 жастағы әйел «тарзанкадан» секіремін деп қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Оқиға «Созвездие» қонақ үйінің шатырында болған.

«Әйел ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізіліп, оған шұғыл түрде операция жасалды. Алайда аруды құтқару мүмкін болмады»,— деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы