Үндістан мен Қытай әскери сақшылары арасында қақтығыс болды. Қақтығыс 8-қазан күні Үндістанның солтүстік-шығысындағы Аруначал-Прадеш штатының Таванг секторында болған. Бұл туралы Indian Express хабарлады.
Басылымның хабарлауынша Үндістан өз аумағы санайтын аймаққа Қытайдың 100-ден астам сарбазы басып кірген. Әскерилер арасындағы қақтығыс бірнеше сағатқа созылып, тараптар қосымша күш шақыртқан. Қақтығыс барысында төбелес болып, соңы атысқа ұласқан. Екі жақтан да жарақат алғандар бар. Оқиғаны әскерилер келіссөз арқылы шешкен.
The Indian Express дереккөздеріне сенсек, 2020 жылдан бастап Үндістан мен Қытай арасында тікелей 13 қақтығыс болып, онда екі жақтан да 100-ден астам адам қаза тапқан.
"Адырна" ұлттық порталы