21 адам ішімдіктен уланып, көз жұмды

4189
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Орынбор облысында 21 адам контрафактілік алкоголь өнімдерінен қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда зардап шеккендердің саны 28-ге жеткен. Олар ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті дереккөздер Орынбор облысының Денсаулық сақтау министрлігінде сатылған суррогаттың көлемі туралы ақпарат жоқ екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Яненский, Домбаров және Адамов аудандарының 36-73 жас аралығындағы бірнеше тұрғыны метанолмен уланып, ауруханаға түскен еді. Кейін олардың алкогольді бір өндірушіден сатып алғаны белгілі болды.

ҰҚК басшысы Александр Бастрыкин Шығыс Орынбор облысындағы жаппай улану туралы істі бақылауға алды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер