Лаңкестер мешітте жарылыс жасап, жүздеген адам қаза тапты

1240

Ауғанстанның Құндыз қаласында орналасқан шиит мешітінде жарылыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Aamaj News-ке сілтеме жасап.

Оның салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 200-ге жуығы түрлі жарақат алған . Төтенше жағдай кезінде Жұма намазы оқылып жатқан.

"Талибан" комиссиясының мүшесі Мохаммад Джалал шабуылды "Ислам мемлекеті" тобының содырлары жасағанына сенімді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы