Түркіменстан халқын президенттің кітабын сатып алуға мәжбүрлеуде

3759
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстанда президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың кітаптарын халық арасында насихаттау мен таратудың кезекті науқаны басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шығарылған «Тәуелсіздік - біздің бақытымыз» кітабын Түркіменстанның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері мен студенттер сатып алуы керек деп міндеттеліпті.

Сонымен қатар, жекелеген аймақтардың билігі президенттің шығармашылығын насихаттау үшін халықты ынталандыру шараларын қолданып жатыр. Лебап велаятында мәдениет қайраткерлеріне мемлекет басшысының жаңа туындысын мадақтайтын музыкалық шығармалар жасау тапсырылды. Жеңімпаздарға мемлекеттік тәуелсіздіктің келесі мерейтойында табыс етілетін сыйақы уәде етілді.
Бұл арада Лебап университетінде студенттерге президенттің жаңа кітабын жатқа айтуға шақырады. Ынталандыру ретінде студенттерге 100 манат (шамамен 25000 теңге) ақшалай сыйақы уәде етілді.

Мемлекеттік БАҚ -тың хабарлауынша, бұл кітап үш тілде - түрікмен, ағылшын және орыс тілдерінде басылып шыққан және елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов басқарған 15 жыл ішінде 60 -тан астам кітап шығарды. Кітаптар әр түрлі тақырыпты қамтиды және жүйелі түрде шығарылады. Дәстүр бойынша кітап шығару мереке күндері мен оқиғаларға сәйкес келеді. Елбасының авторлығымен шығарылған кітаптардың тақырыбына жылқы шаруашылығы, ит өсіру, түрікмен дәстүрі, кілемдер, шай мен дәрілік өсімдіктер де кіреді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер