Атырауда безбүйрек ана сәбиін дәретханаға тастап кеткен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқиға кеше Индер ауданында болған.
«Сәби Индер аудандық ауруханасының перзентханасына орналастырылды. Анасы 1990 жылы туған Индер ауданының тұрғыны. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған ақпарат ҚР ҚІЖК 201- бабына сәйкес жария етілмейді»,– деп түсіндірді Атырау облысы полиция департаменті.
«Адырна» ұлттық порталы