Соңғы тәулікте Ресейде коронавирустан 890 адам көз жұмған. Бұл пандемия басталғалы бері Ресей бойынша тәуліктік шекте көз жұмушылардың рекорды болып табылады.
Ресейде пандемия басталғалы бері вирустан көз жұмғандар саны 209 918 мың адамды құраған. Ал вирустың салдарынан өзге дерттері асқынып, көз жұмғандар саны 376,5 мың адамды құрайды. Пандемияда вирустан көз жұмғандар саны бойынша Мәскеу қаласы көш бастауда. Мәскеуде 29,1 мың адам қайтыс болған. Мәскеу мәйітханаларында бос орын азайғаны да айтылуда.
Ресейде вирус жұқтырушылар саны да артуда. Соңғы тәулікте 25 мың адамнан COVID-19 анықталған. Дәрігерлер алдағы таңда бұл көрсеткіш тағы да артуы мүмкін деп отыр. Оған ауа райы мен халықтың вакцина алмауы себепкер болмақ.
"Адырна" ұлттық порталы