АҚШ-тың бұрынғы Президенті жұма күні Twitter-дегі өзінің аккаунтын қайтару үшін сотқа жүгінген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, саясаткер Twitter өзінің аккаунтын қаңтарда саяси бәсекелестерінің қысымымен жауып тастағанына сенімді. Ал бұған байланысты әлеуметтік желінің өкілдері түсініктеме беруден бас тартқан.
Еске сала кетейік, бұғаттауға дейін Дональд Трамптың Twitter -де 88 миллион жазылушысы болған. Америка Құрама Штаттарының экс-басшысы сендіргендей, Президенттік кезінде де оның парақшасы әділетсіз цензураға ұшырады және оны «жаңылыстыратын ақпарат» деп атады. Оның үстіне саясаткер платформа ережесін бұзды деп айыпталды.
"Адырна" ұлттық порталы.