Грузияға ұшып келген Саакашвили тұтқындалды

1429

Михаил Саакашвили Грузияда ұсталды. Бұл туралы 1 қазанда премьер-министр Ираклий Гарибашвили мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

«Грузияның үшінші президенті Михаил Саакашвили ұсталды. Құқық қорғау органдары керемет жұмыс жасады, олар оның біздің елдегі барлық қозғалыстарынан хабардар болды. Барлық органдар өз әрекеттерін бір-бірімен үйлестірді және оны ұстау операциясы халыққа аз залал тиетін аймақта орын алды. Мен Грузия қауіпсіздік қызметінің бастығы Григри Луляшвили мен барлық тәртіп сақшыларына ризашылығымды білдіргім келеді», - делінген оның Грузияның 1tv телеарнасындағы сөзінде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар