Бөрі мінез Арон денсаулығын түрмеге тастап, өр рухын өзімен бірге алып шықты

9170
Adyrna.kz Telegram
Қош бол, қара бетон түрме!
Алаштың ұлы бостандыққа шықты!
Өз кезінде ұлын халқы құтқара алмады. Денсаулығын қара бетоннан соғылған түрмеге тастап кеткенімен, Көк бөрі рухын өзімен бірге алып шықты.
Аронды билік жеңе алмады. Керісінше, билік тұтас системасымен Ароннан жеңілді. Әшейінде Назарбаевтан кешірім сұрап, бостандыққа шыға салатын қорқау әкімдер мен министрлер сияқты рухсыз, бетсіз, жүрексіз болмады. Намысты ер олай жасағысы келмеді. Өр рухты азамат күйзелістің бәрін көтерді. Ешкімнен кешірім де сұраған жоқ. Сұрауға тиісті де емес.
Биліктен кешірім сұрамаған, қасқайып қарсы тұраған екі адам болды. Соның бірі Жәкішев болса, екіншісі осы Арон батыр.
"Тек денсаулығың түзеліп кетсін, Арон батыр",- деп тілек айтқым келеді!
Бүгін соған қоса қуанып отырғанымыз - Алмат та отбасымен табысты. Алаштың жолын Жаратқан өзі оңғарсын!
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер