Шешенстан Ресейдің субъектісі болып қала бермек. Бұл туралы Рамзан Қадыров мәлімдеді.
Бұл туралы Қадыров өзінің әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағына жауап беру барысында айтқан. Оның сөзінше Ресей құрамында қалуды шешен халқы таңдаған, сондықтан Ресей басшысы ауысса да, халықтың шешіміне әсер етпейді.
"Бұл шешімді референдумда халық жасады. Өз тағынан Путин де, Қадыров та кетеді, бірақ Шешенстан Ресей Федерациясының құрамындағы субъект болып қала бермек", — деді ол. Шешенстанның Ресей құрамында қалуы 2003 жылғы референдумда қабылданған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы