Жыл сайынғы тамыз конференциясы туралы ақпарат

1628
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 10 тамызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ «ZOOM» платформасында «Қостанай облысының білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбында жыл сайынғы «Психология секциясында облыстық тамыз конференциясын өткізді. Тыңдаушылардың жалпы саны 160 адамды құрады, оның ішінде 100 адам вебинарға қатысты және 60 адам вебинарды жазбада қарады.

Конференцияның негізгі мақсаты берілген тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылау, цифрлық трансформация және қашықтықтан оқыту жағдайында Қостанай облысының білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдауды күшейту болды.  

 Онлайн - сұхбат алаңының модераторы психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Петренко Елена Александровна сөз сөйледі.

 Ол соңғы жылы Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында суицид әрекеттерінің қысқарғанын, соңғы үш жылдың статистикасымен салыстырғанда оң динамика байқалғанын атап өтті. Білім беру ұйымдарының өңірлік психологиялық қызметтерінің жұмысын мониторингілеу және талдау барысында олардың жұмысының анықталған, жүйелі кемшіліктері мен бұзушылықтары айтылды.  

 Онлайн-диалогқа білім беру бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен педагог–психологтары қатысты. Олар өз кезегінде жыл бойы және жазғы демалыс кезінде қандай жұмыстар жүргізілгені туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Жергілікті жерлердегі өз жұмыстары туралы 4 өңірдің өкілдері егжей-тегжейлі айтып берді:

• Ахметжанова Б. С., «Меңдіқара ауданының білім бөлімі» ММ  әдіскер-психологы;

•  Карбаева Ж.С. «Қарабалық ауданының білім беру бөлімінің                     А. Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебі» КММ директоры;

• Естекова Ж.С. «Амангелді ауданының білім беру бөлімі» ММ тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері;

• «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ педагог-психологы;

Қорытынды бөлімде конференция қатысушылары Өңірлік орталыққа және жеке Петренко Елена Александровнаға пайдалы  және өзекті ақпарат үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Пікірлер