Қостанай облысы азық-түлік экспортқа шығаруда бірінші орынға шықты

2053
Adyrna.kz Telegram

«Ауыл шаруашылығы облыс экономикасындағы екінші базалық бағыт саналады. Салада 117 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл облыстың жұмыспен қамтылған халқының жалпы санының 25 пайызын құрайды. 2020 жылы 4 млн тонна астық бастырдық. Биыл жазғы егістік алқабы 4,7 млн гектарды құрады. Оның ішінде 3,9 млн гектар астық және дәнді-бұршақты дақылдар, 590 мың гектар майлы дақылдар бар. Соңғы 5 жылда егістік алқаптары құрылымын әртараптандыру аясында майлы дақылдар алқабы 1,7 есеге артып, дәнді-бұршақты дақылдар алқабы қысқартылды», - деді облыс басшысы Орталық коммуникациылар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, биыл өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 31,2 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ет өндірісі 4,7, ал сүт 2,5 пайызға артып отыр. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілетін болады.

«2020 жылы облыс азық-түлік өнімдерін экспорттауда республикада бірінші орынға шықты. Елімізден тысқары аумаққа 300 млн доллардың азық-түлігін экспортқа шығардық. Бір жылдың ішінде 1 млн тонна астық дақылын, 800 мың тонна үн, 10 мың тонна өсімдік майын, шамамен 8 мың тонна сүтөнімдерін, 416 тонна ет және ет өнімдерін, 51 млн дана жұмыртқа және басқа да азық-түлік жібердік», - деді Архимед Мұхамбетов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер