Африканың оңтүстігінде қар жауып, орталық бөлігіндегі ауа температурасы тарихта болмаған рекордты жаңартты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жексенбіде Оңтүстік Африка Республикасының бірқатар қаласында көктайғаққа байланысты жолдар жабылған. Синоптиктердің айтуынша, Оңтүстік Африкада суық ауа райы бір аптаға созылады.
Мәселен, елдің орталығында орналасқан Кимберли қаласында және оған іргелес аудандарда алғаш рет ауа температурасы 9,9 градусқа дейін төмендеді. Ал Йоханнесбургте 7 градус аяз болған.
Бұл 1995 жылдың 19 шілдесінде тіркелген алдыңғы рекордтан 6,3 градусқа суық. Осылайша Африкада 26 жылдан кейін күн сууына байланысты қайта рекорд орнатылып отыр. Мамандар бұған Оңтүстік Атлантикадан суық ауаның қозғалуы себеп болғанын айтқан.
"Адырна" ұлттық порталы.