Ресейде коронавирустың тарау қарқыны бәсеңдер емес. 17 шілде күні арнайы штабтың мәліметіне сәйкес Ресейде 25116 адамнан вирус анықталған. Үшінші күн қатарынан вирус жұқтырушылар саны 25 мыңнан түспей тұр. Жалпы пандемия басталғалы бері Ресейде 5 907 999 адамнан коронавирус анықталып, емдеу шаралары жүргізілген.
Вирустан көз жұмғандар саны да артуда. 15 шілдеде 799 адам көз жұмса, 16 шілдеде 787 адам бақилық болған. Ал осы күнге дейін вирустан көз жұмғандар саны 147655 адамға жеткен. Бұл ресми статистика, ал бейресми тұрғыда әлдеқайда көп дейді тәуелсіз тілшілер.
Вирус жұқтыру бойынша Мәскеу облысы мен қаласы алдыда келеді. Мамандар вирустың қарқынды түрде таралуын үнді штамымен байланыстырып отыр.
"Адырна" ұлттық порталы