Мамандыққа апаратын жол

211

Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ Қостанай қаласының оқу мекемелерінде оқитын тәрбиеленушілері тұрады.

2021 жылдың шілде айында 11 ер бала мен қыздар дипломдарын алып, өзіндік ересек өмірге жол бастайды. Болашақ түлектерге заманауи өмірдің талаптары тым жоғары. Жақсы жұмысқа орналасу және карьераны дамыту үшін кәсібилік және мақсаттылық маңызды.

Түлектерді қарсы алу онлайн мәжіліс түрінде Қостанай қаласы әкімдігі  жұмыспен қамту орталығының басшысы Надежда Владимировна Костенюкпен өткізілді. 

Кездесу барысында Надежда Владимировна түлектерге қаланың мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде айтып өтті.

Сонымен бірге, жұмыспен қамту орталығында бос орындар және бос жұмыс орындары туралы ақпараттар алуға, тіркеуден өтіп Жастар практикасына жолдама алуға болатынын айтты.

  «Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығында психологиялық қолдау алуға, еңбек нарығында қажет мамандықтар бойынша оқу оқып және қайта даярлаудан өтуге болады» деді Костенюк Н.В.

   Бұл көптеген түлектерге болашақ жұмыс орнын таңдауларына көмегін тигізетін конструктивті сұхбат болды.

 Жұмысқа орналастыру мәселелерін одан әрі тиімді шешу мақсатында, бірлескен жұмысты осы бағытта жалғастыру керек деп шешілді.

Пікірлер
Редакция таңдауы