Атырауда Корей азаматы анасын балағаттаған танысын пышақтады

3196
Adyrna.kz Telegram

Атырауда Корей азаматы анасын балағаттаған танысын пышақтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Корея елінің азаматы өзінің тұрғылықты мекен-жайында танысымен ішімдік ішікен. Араларында кикілжің туындап, екеуі өзара сөзге келіп қалған. Әлгі танысы 45 жастағы ер адамның анасын балағаттап, оған тіл тигізеді. Сол кезде ашуланған айыпталушы үйіне жүгіріп кіріп, пышақ алып қайта шыққан. Қолындағы пышақты танысына сұғып дене жарақатын салған»,–делінген хабарламада.

Жәбірленуші аман қалды. Күдікті ер адам өз кінәсін толығымен мойындады.

Айыпталушыға сот үкімімен ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, төрт жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Одан жәбірленушілерге өтемақы қорына жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілмек.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер