Қарқаралының басынан неге бұлт кетпейді?

5748
Adyrna.kz Telegram

Қарқаралы ө тауының басынан бұлт неге тарқамайды? Жұмбаққа жауапты бірге іздеп көрелік.
Мәди Бапиұлының «Атыңнан айналайын Қарқаралы, сенен бұлт менен қайғы тарқамады». Осы Қарқаралы бұлттары Зевс құдай жіберген бұлттар. Зевс өзінің жары Герамен ақша бұлттар арасында жолықпай ма. Троя соғысынан жаман хабар жетіп Зевс ашуланып бұрқ-сарқ болып айқас даласына аттанады. Гера Зевстың ашуынан қаша жөнеледі. Сол кезде Гера өзінің махаббат белдігін ақша бұлтта ұмытып, тастап кетеді. Ақша бұлттар да Зевстің ызасынан безе қашады. Белдігі есіне түскен Гера Зевске жалынады. Зевс құдай қара бұлттардан құралған қуғыншыларын ақша бұлттардың соңынан жөнелтеді. Қарқаралы аспанына жетіп қалған ақша бұлттар құтыла алмасын білген соң суға айналып, жаңбыр болып тауға құйылады. Содан Алтын Көл пайда болған. Зевстың қара бұлттар шебі тарқамай Алтын көлді аңдумен жүр. Көл түбінде қайдағы бір крест емес, алтын Махаббат белдігі сақтаулы. Қара көл- Махаббат көлі.

Мәди Бапиұлы біліп әнге салған.«Атыңнан айналайын Қарқаралы, сенен бұлт менен қайғы тарқамады» Зевстің бұлттары.

 

 

Марат АЗАНБАЕВ

Пікірлер