Үнді штамының табылуына байланысты Қазақстанда карантин шаралары күшейтілуі мүмкін

5430
Adyrna.kz Telegram

Ералы Тоғжанов “елордада үнді штамы табылды” деген күдікке байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айтуынша, елімізде жағдай тұрақты. Алайда елордадан “үнді штамы табылды деген ойдай күдік бар”.

«Вирустың репродуктивті индексі 1-ге тең, бірақ біз әлемде және шекаралас елдерде жағдайдың қандай екенін көріп отырмыз. Яғни, коронавирустың жаңа штамдары тез тарайды. Нұр-Сұлтанда скрининг жүргізілді, сондықтан мұнда Цой (Алексей - денсаулық сақтау министрі. - автор.) дельта-штамм (үнді штамы) барын айтты. Осыған байланысты өңір әкімдері ахуалды бақылауға алуы тиіс. Бүгінгі таңда ВАК отырыс өткізіп, Нұр-Сұлтан қаласында және басқа да өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі шараларды қарайды», - деді Тоғжанов Үкімет отырысында.

Адамдар көп жиналатын жерде қалай сақтану керек?

«Адамдар жеке қорғаныс құралдарын қолдануы керек, сонымен қатар, барлық аймақта мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажет, ал қоғамдық орындарға келгендер қорғаныс шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ, Ashyq қосымшасы бойынша өтіңіздер. Өңір әкімдері, барлық мемлекеттік орган осы жағдайды бақылауы тиіс», - деді Тоғжанов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер