Масаның 100 көзі, 3 жүрегі, 2 асқазаны бар екені анықталды

6808
Adyrna.kz Telegram

Алланың құдыретінде шек жоқ! Міне мысал.

Кіп-кішкентай масаны 400 000 есе үлкейтіп көрсететін микроскоппен зерттеп қарағанда, масаның басында 100 көзі, 48 тісі бар екенін, үш жүрегі: біреуі ортаңғысы да, әр қанатында тағы бір-бір жүректен бар екенін анықтапты.

Әр жүрегінде екі клапан мен екі асқазаны болады екен. Құста кездесе бермейтін жылу сезетін органы да бар.

Ол органмен бір нәрсенің түр-түсі мен денесін көре алмайды, тек содан шығып тұратын жылуды ғана сезеді. Мысалы, бөлменің іші 5 градус қана жылы болып, ол бөлмеде дене қызуы 36-37 градусқа жеткен бала жатса, маса тек баланы ғана көреді.

Масаның қанды қашықтан тексеріп көретін, қанға сараптама жасайтын мүшесі де бар. Төсекте екі адам жатса, ол қаны ұнамайтын адамды шақпайды, қасында жатқан адамға барып қонады.

Масаның қанды сұйылтатын қасиеті де бар екенін айта кету керек. Адамның қаны қою болады. Ол қан өзі кіп-кішкентай масаның одан да жіп-жіңішке «тұмсығынан» өте алмайды. Сондықтан ол қанды алдымен сұйылтып алып, содан кейін сора бастайды.

Шағатын кезде білдіртпеу үшін маса алдымен ауырсынғанды басатын «укол» салып алып, сосын барып сорады екен.

Ол «уколдың» күші маса әбден қаныңды сорып болған кезде ғана тарқайды екен де, біз маса шақты екен деп өзімізді салып кеп қалғанда, маса төбеден саған қарқылдап күліп қарап отырады екен.

Қуын қарашы, ә! Айтпақшы, Құранда бұл туралы Жаратушымыз бүй деп айтыпты: «Алла Тағала масаны не басқа бір нәрсені сендерге мысал етіп көрсеткеннен әсте ұялмайды!» {ان الله لا يستحيي ان يضرب مثلا ما بعوضة فما فوقها}

Әлеуметтік желіден жүктелді.

Жолымбет МӘКІШ

Пікірлер