Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус жағдайының күзде ушығып кететінін ескертіп, алматылықтарды вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Егер біз вакцина алмасақ, онда күзде бұрынғы күйімізге ораламыз деп ойлаймын. Бұл қазіргі уақытта Ресейде, Мәскеуде, кейбір еуропалық елдерде болып жатқан жағдайды көрсетеді. Олар босаңсып кетті. Жаз келді, көшелерге шықты, саябақтарда, қоғамдық орындарда серуендеді. Сол үшін аурудың күшеюі байқалды. Егер біз вакцина алмаған болсақ, онда қазан-қараша айларында біз де осы жағдайға ораламыз», – деді ол.
Ол карантиндік шектеу шаралары мен қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау қаланың «жасыл» аймаққа өтуіне ықпал еткенін айтты.
"Адырна" ұлттық порталы